«Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдама» аясында тұрғындармен кездесу өтті

«Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдама» аясында тұрғындармен кездесу өтті
 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі №200 қаулысымен бекітілген «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында Сайрам ауданы Ақсу ауылындағы Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу өтті. Іс-шара «Қоғамға қызмет ету» бағытындағы апталық жоспар негізінде ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Түркістан облысы Полиция департаменті, Сайрам аудандық прокуратурасының, Түркістан облысы Әділет департаменті мен Түркістан облысы жеке сот орындаушылар палатасының өкілдері құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Жиын еркін форматта өтіп, тұрғындарға құқықтық кеңестер ұсынылды.