АУДАН АУМАҒЫНДАҒЫ ЖАЙЫЛЫМ ЖЕРЛЕРДІ ҚАЙТАРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Аудан әкімі Арман Сабитовтың төрағалығымен жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару барысына арналған жұмыс мәжілісі өтті. Жиынға ауылдық округ әкімдері мен тиісті бөлімдер қатысты.
Мәжіліс барысында ауылдық округтер аумағындағы жайылымдық жерлердің нақты көлемі мен пайдаланылу деңгейі талданды. Ауыл әкімдері осы бағытта атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.
Мәжіліс қорытындысымен аудан басшысы әрбір ауылдық округке жайылым санатындағы жер учаскелерін толық анықтап, жалға берілген және жеке меншіктегі жер телімдерінің нақты санын белгілеуді тапсырды. Ортақ пайдалануға қайтарылуға жататын жерлерді ретке келтіруге қатысты нақты ұсыныстар дайындау міндеттелді.