САЙРАМ: ІШКІ ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

САЙРАМ: ІШКІ ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
САЙРАМ: ІШКІ ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау жүргізу туралы бекітілген кестеге сәйкес, Сайрам ауданы әкімдігіне бағынысты жергілікті атқарушы органдарда 2025 жылдың 21 сәуірі мен 4 маусымы аралығында ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.
Осы ретте, 2025 жылғы 28 мамыр күні аудан әкімі аппаратының басшысы Айбек Ақылбекұлының төрағалығымен жүргізіліп жатқан ішкі талдаудың нәтижесін талқылау өтті.
Жиын барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болуы мүмкін салалар мен тиісті құжаттарға тоқталып, тәуекелдердің алдын алу шараларын қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, талқылау кезінде көтерілген мәселелер бойынша зерделеу жұмыстары жалғастырылатыны айтылып, тиісті жұмыстарды күнделікті және тұрақты түрде жүргізу қажеттігі ескертілді.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі