Құрметті Сайрам ауданының тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспар» аясында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасын ұйымдастыру ұсынылған болатын.
Осыған сәйкес, 2025 жылғы 4 маусым күні сағат 11:00-де Сайрам ауданы, Ақсу ауылы, Ұлы дала көшесі, №55В мекенжайында орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Сайрам аудандық ХҚК бөлімінің ғимаратында азаматтарды қабылдау іс-шарасы өтеді.
Іс-шара барысында тұрғылықты жері бойынша тұрақты және уақытша тіркеу, қандас мәртебесін алу, елден кетуге байланысты құжаттарды рәсімдеу сияқты мемлекеттік қызмет түрлері бойынша жауапты мамандар азаматтарды қабылдап, кеңес беретін болады.