Бүгін, 30 мамыр күні ауданда «Халық заңгері» атты жалпыреспубликалық акция өтті. Іс-шара аудан әкімдігінің «Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйі» ғимаратында өткізілді. Бұл бастама ҚР Үкіметінің қолдауымен және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі,
Zakon.kz желілік басылымы, “Параграф” ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы мен заңгерлер және адвокаттардың қатысуымен ұйымдастырылды.