
Жемқорлыққа қарсы мобильді топ Сайрам ауданының тұрғындарына құқықтық көмек көрсетеді
Ауыл тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсету, туындаған құқықтық мәселелердің шешілу жолдарын қарастырып, заңгерлік кеңес беру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» мүшелері 2025 жылғы 29 мамыр күні Сайрам ауданына қарасты Ақсу және Қожақорған ауылының тұрғындарына құқықтық көмек көрсетеді.
Құқықтық кеңес беру шарасының өтетін орны және уақыты:
- Ақсукент ауылдық «Дендро саябағы», сағат 11:00 - 12:00, Ақсукент ауылы, В.Вишневецкий көшесі, н/з;
- «Х.Хайтенов» атындағы мектебі, сағат 15:00 - 16:00, Қожақорған ауылы, Ж.Меңлібаев көшесі, №1.
Аталған шара аясында кез келген азамат қажетті құқықтық көмек ала алады.