Аудан әкімінің орынбасары Шухратулла Убайдуллаевтың төрағалығымен жауапты сала өкілдерінің қатысуымен жұмыс жиыны өтті. Күн тәртібінде аудан көлемінде жүргізіліп жатқан санақ жұмыстарының барысы мен алда атқарылар міндеттер пысықталды.
Жиын барысында әрбір ауылдық округтегі нақты көрсеткіштер мен өзекті мәселелер талқыланып, жүйелі жұмыстар пысықталды. Санақ нәтижелері ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды көрсеткіші ретінде қаралды.
Шухратулла Убайдуллаев аудан көлемінде атқарылатын істердің сапалы әрі жүйелі орындалуы қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, барлық ауылдық округ әкімдеріне және бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, әр істі тиянақпен орындауды міндеттеді.
— Санақ — жай ғана сан емес, ол халықтың шынайы жағдайын көрсететін маңызды құрал. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды тиянақты пысықтап, нақты нәтижеге қол жеткізуіміз қажет, — деді аудан әкімінің орынбасары.
Жиын соңында барлық сала басшыларына тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатыны ескертілді.
Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі