2025 жылдың 27 мамырында Сайрам ауданы әкімдігі мен аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ведомствоаралық деңгейдегі оқыту жиыны өтті. Іс-шара «Отбасын қолдау орталығының» мәжіліс залында өткізілді. Жиынның негізгі мақсаты – әлеуметтік салада цифрландыруды ілгерілету және жаңа жүйемен таныстыру болды.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Шухратулла Убайдуллаев ашып, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру – уақыт талабы екенін атап өтті. Ол FSMSocial платформасының мүмкіндіктеріне тоқталып, жаңа жүйе халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, процестерді жеңілдетуге септігін тигізетінін жеткізді. Сонымен қатар, бұл бастама әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға көмектесу жұмыстарын жүйелендіріп, сала қызметкерлерінің жұмысын оңтайландыратыны айтылды.
Келесі сөзді «Отбасын қолдау орталығы» басшысының орынбасары Махаббат Айтбаева алып, FSMSocial цифрлық платформасы жайлы жан-жақты ақпарат ұсынды. Ол жүйенің 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап барлық мекемелерде ресми түрде енгізілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, жүйені тиімді қолдану үшін арнайы мамандар келіп, әр мекеме қызметкерлеріне оқыту жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.
Жиынға аудандық полиция бөлімі, орталық аурухана мен емхана мамандары, әлеуметтік қызметкерлер, ауылдық округ әкімдері мен «Отбасын қолдау орталығының» мамандары қатысты. Қатысушылар жаңа платформаның құрылымы, қызметі мен қолдану ережелері туралы толық ақпарат алып, тәжірибе алмасып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Жиын мазмұнды әрі тиімді өтті.
Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі