Ұласбек Сәдібекұлы 1967 жылы дүниеге келген. Целиноград ауылшаруашылық институтын бітірген, «Қайнар» университетінің түлегі. Білімі – жоғары. Мамандығы - Инженер-электрик, халықаралық экономист.
Еңбек жолында Алғабас аудандық мал бордақылау бірлестігінің жұмысшысы, Ақмола қалалық жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, Алғабас ауданы әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің маманы, Алғабас ауданы әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Алғабас аудандық жастар ісі, саяхат және спорт басқармасының бастығы, Шымкент қаласы «Жетіген» ЖШС директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты әлеуметтік-мәдени кешені бөлімінің меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы жастар ісі және ішкі саясат департаментінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының әкімі, «Нұр Отан» ХДП-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары , Түркістан облысы әкімінің орынбасары, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі – Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілі, Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімі.