
Жетісай ауданы Алғабас елді мекеніндегі жеке тұрғын үй секторында орын алған қайғылы жағдайға байланысты жедел жиын өтті. Аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына бірқатар тапсырмалар берілді:
▪ Зардап шеккен азаматтар мен қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Оның ішінде материалдық қолдау, медициналық көмек және тиісті әлеуметтік қызметтердің жедел жұмысы қамтылады.
▪ Төтенше жағдайлар қызметіне өрттің алдын алып, халықтың қауіпсіздігін қорғау үшін жергілікті органдармен жұмысты арттыру тапсырылды.
▪ Аудан, қала әкімдіктері мен полиция қызметкерлері тұрғын үйлерді, әсіресе жатақхана мен көпқабатты үйлерді аралап, тексерістерді күшейтеді.
▪ Облыстық қоғамдық даму басқармасы мен әкімдіктерге медиа мен әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.
▪ Газды қауіпсіз қолдану үшін алдын алу шаралары күшейтіліп, газ инспекциясының жұмысы қатаң қадағаланады.
📌 Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жіті бақылауда болады.