Түркістан облысынан Құрметті қарауыл ротасының әскери бөлімдеріне жас сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті

Түркістан облысынан Құрметті қарауыл ротасының әскери бөлімдеріне жас сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің мәртебесі мен имиджін арттыру, сондай-ақ жастарды әскери қызметке насихаттау мақсатында Түркістан облысынан Қазақстан Республикасының Құрметті қарауыл ротасының әскери бөлімдеріне жас сарбаздарды шығарып салуға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Биылғы көктемгі шақырту науқаны кезінде 2500-ге жуық жас Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған болса, ағымдағы күзгі шақырту кезеңінде де 2500-ден астам жас сарбаз сапқа қосылмақ.

Бүгінгі шара аясында 38 жас сарбаз ел абыройын қорғауға жол тартты.