
Бүгін Темір ауыл округінің аумағында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын қолдау мақсатында «Күзгі тазалық – туған жерге құрмет!» акциясы аясында сенбілік өтті.
Тазалық жұмыстарына ауыл округіндегі мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен еріктілер белсене қатысып, елді мекеннің тазалығы мен көркейуіне өз үлестерін қосты.
Сенбілік барысында ауыл аумағындағы қоғамдық орындар мен көше бойларында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Ретсіз өскен шөптер шабылып, жиналған қоқыстар тазартылып, ретке келтірілді.
Мұндай шаралар – қоршаған ортаны таза ұстаумен қатар, тұрғындардың туған жерге деген жауапкершілігін арттырып, тазалық пен тәртіпті ортақ құндылыққа айналдыруға бағытталған маңызды бастама.
Туған жердің тазалығы – әр азаматтың мәдениеті мен оған деген құрметінің көрінісі. Сондықтан елді мекеннің ажарын ашып, қоршаған ортаны таза ұстау – тек сенбілік кезінде емес, күнделікті қалыптасқан дағдыға айналуы тиіс.
Таза ауыл – жайлы орта, көрікті мекен. Тазалықты сақтау – баршамызға ортақ міндет!