
Отырар ауданы аумағында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды.
Сағат 08:55-те берілген «Дабыл» сигналына сәйкес аудандық шұғыл ден қою жасақтары мен азаматтық қорғау қызметтерінің күш-құралдары жедел түрде жұмылдырылып, олардың дайындығы тексерілді.
Оқу-жаттығу барысында көктем мезгілінде орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимыл алгоритмдері пысықталды. Атап айтқанда, халықты көшіру, зардап шеккендерді іздеу және құтқару, алғашқы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ хабарлау және байланыс жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі нақтыланды.
Іс-шара қорытындысында жауапты қызметтердің өзара үйлесімді әрекет ету деңгейі бағаланып, алдағы кезеңге нақты міндеттер айқындалды.