Интернет-алаяқтықтан сақ болыңыз! Құрметті ауыл тұрғындары!

Интернет-алаяқтықтан сақ болыңыз! Құрметті ауыл тұрғындары!

Қазіргі таңда интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер жиілеп келеді. Алаяқтар өздерін банк қызметкері, құқық қорғау органы немесе таныс адам ретінде таныстырып, жеке мәліметтер мен ақшаңызды иемденуге тырысады.
🔹 Банк картасының нөмірін, CVV кодын және SMS-кодтарды ешкімге бермеңіз;
🔹 Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
🔹 Белгісіз нөмірлерден түскен қоңырауларға сақтықпен қараңыз;
🔹 Интернет арқылы төлем жасағанда тек сенімді сайттарды пайдаланыңыз;
🔹 Жеке деректеріңізді қорғаңыз.
Есіңізде болсын, сақтық – алаяқтықтан қорғанудың ең тиімді жолы!