Шілік ауыл округіне қарасты Жаңа Шілік елді мекенінде «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты ауқымды мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ұлттық спорт түрлерінен өткен жарыстар ел есінде қаларлықтай әсерлі сәттерге толы болды. Ұлыстың ұлы күніне арналған бұл шара – тек мереке ғана емес, ата-бабадан мирас болған салт-дәстүрімізді жаңғыртып, ұлттық рухымызды асқақтататын маңызды рухани алаңға айналды.
Іс-шара барысында ұлттық спорттың қаймағы саналатын қол күрес, арқан тартыс, гір тасын көтеру, ләңгі тебу, асық ату және қошқар көтеру секілді сайыстар ұйымдастырылып, әр қатысушы өз күшін, ептілігі мен намысын сынға салды. Сонымен қатар, ауыл жастары арасында өткен волейбол ойыны да ерекше тартысқа толы болып, көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады. Әрбір жарыс түрі ұлттық болмысымыздың бір бөлшегі ретінде дәріптеліп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Жарыстардың жүлде қоры да қатысушылардың жігерін жанитындай деңгейде белгіленді:
Бұл ауқымды шараның табысты өтуіне ауыл тұрғындары мен барлық мекемелер бір кісідей жұмылып, ұйымшылдық пен бірліктің озық үлгісін көрсетті. Осындай игі бастаманың жүзеге асуына ұлттық спорт түрлеріне қаржылай қолдау көрсеткен демеуші – Жансұлтан Әділжанұлына ауыл халқының алғысы шексіз. Ақсақалдар ақ батасын беріп, ел игілігі жолындағы еңбегіне ризашылықтарын білдірді.
Бұл мерекелік шара – ұлттың рухын тірілтетін, ұрпақ санасына салт-дәстүрдің қадірін сіңіретін алтын көпір. Бүгінгі буын ата жолын жалғап, ұлттық ойындарды жаңғырту арқылы болашаққа нық қадам жасауда. Бірлігі бекем елдің тірлігі, де берекелі болары анық. Жаңа Шілікте өткен бұл мереке – соның айқын дәлелі.