
Әділетті Қазақстан идеясын және Заң мен Тәртіп қағидатын ұстана отырып,
мемлекет адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мүлтіксіз сақталатынын мәлімдейді.
Бұл – әрбір азаматтың қауіпсіздігі мен еркіндігін қамтамасыз ететін басты конституциялық міндет.
18-баптың мәні қарапайым:
адамды себепсіз ұстап, еркіндігін шектеуге болмайды.
Егер адам ұсталған болса, оған не үшін ұсталғаны бірден айтылуы керек және адвокат шақыруға құқығы бар.
Ал қамауға алу тек сот шешімімен жүзеге асады.
Бұл — әділетті қоғамның басты белгісі.