АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР БАҚЫЛАУДА

АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР БАҚЫЛАУДА

Отырар ауданында тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер ескеріліп, аудан әкімінің қабылдауында болған азаматтардың өтініші шешімін табуда. Қабылдауға келген азаматтардың өтініші өзектілігіне қарай жоспарға енгізіліп, осы бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен іске асырылуда.
Мәселен бұған дейін Ынталы ауылының тұрғындары Шәуілдір-Түркістан бағытындағы жолдың елді мекен ішіндегі бөлігінің жарықшамдары қосылса деген өтінішін айтып, түнгі мезгілде балалардың қауіпсіздігіне алаңдайтынын жеткізген болатын. Аталған мәселеге байланысты тиісті орындарға хат жолданып, елді мекен аумағындағы жарықшамдарды іске қосу жұмыстары атқарылды.
Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы тиісті жұмыстардың орындалу барысына көз жеткізу мақсатында аталған орындарға арнайы барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Жұмыстардың сапалы жүргізілуін қадағалап, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
«Тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе менің жеке бақылауымда. Жауапты сала басшыларына жүктелген міндеттер сапалы, әрі мерзімінде орындалуы тиіс. Әрбір жұмыстың нәтижесі болады. Оның бағасын халық береді. Сондықтан әрбір жұмысқа жауапкершілікпен қарау керек»,-деді аудан басшысы.