ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Отырар ауданында жол белгілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда аудан орталығы Шәуілдір ауылындағы орталық көшелер «Жібек жолы» даңғылы, Д.Алтынбеков, К.Момбеков және М.Әуезов көшелерінде қажетті жол белгілері, жасанды жол кедергілерін орнату және жаяу жүргіншілер жолағын сызу жұмыстары атқарылды.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жұмыстар нәтижесінде көлемі 738 м2 болатын 13 жаяу жүргіншілер өткелдері жаңартылып, 36 шақырым тұтас сызықты, 19 шақырым үзік сызық пен ұзындығы 85 метр болатын бағдаршамға тоқтату сызығын сызу (стоп линия) жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, жүргіншілер жолағын жаңарту - аудан көшелеріндегі жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған.