
Шәуілдір ауыл округінде 27 қазан күні өткен сайлаудың қорытындысы бойынша Шәуілдір ауыл округінің әкімі болып Қыдыр Ғалым Сағындықұлы сайланды.
Жаңа басшыны аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Қыдыр Ғалым Сағындықұлы 1970 жылғы 13 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары. 1998-2002 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде құқықтану мамандығы бойынша жоғары білім алған.1988-1990 жылдары азаматтық борышын өтеп, әскери қызмет қатарында болған.
Алғашқы еңбек жолын 1997 жылғы 19 ақпанда «Шәуілдір автокөлік кәсіпорны» АҚ-да автокөлік жүргізушісі болып бастаған.
2002-2003 жылдары «Манас» шаруа қожалығының төрағасы қызметін атқарған.
2003-2010 жылдары Отырар аудандық сотында жетекші маман, бас маман және сот мәжілісінің хатшысы қызметтерін атқарды.
2010-2013 жылдары «Манас» шаруа қожалығының төрағасы болып еңбек етті.
2013-2015 жылдары Отырар аудандық әкімдігінде Шәуілдір ауыл округі әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2014, 2019 2022 жылдары Шәуілдір ауыл округінің әкімі болып сайланып, бүгінгі күнге дейін абыройлы қызмет атқарды.