Шәуілдір ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының Хаттамасы

Шәуілдір  ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының Хаттамасы

 

 

    Шәуілдір  ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының

Хаттамасы

 

Шәуілдір  ауылы                                   №4              5  маусым   2025 жыл

 

 

Жиналысқа қатысқан барлық адамдар саны  15

Жиналысқа өзге адамдар қатысқан жоқ.

 

Қатысушылар тізімі: Шәуілдір  ауылдық округінің әкімі – Қыдыр Ғалым Сағындықұлы, ауыл округі әкімінің орынбасары- Қайратұлы Дархан, бас маман- салық агенті  – Кәрібаев Дүйсебай Мәжитұлы,  бас маман- инфрақұрылым-Ізтілеу Әбдібек Пернебекұлы, бас маман-есепші - Наушабай Самат Анарбайұлы қоғамдастық мүшелері:

 

Қоғамдастық кеңесінің мүшелері                   1. Әбжаппар Ақылбай

  1.     Айнабеков Жұмажан
  2.      Ордабаев Абдулла
  3. Нәлібаев Құдіретулла
  4. Құлахметов Дінмұхамед
  5. Абдуахитов Сейітжаппар
  6. Диханбаев Есенгелді
  7. Айжарық Шайырбек
  8. Жамантаев Талғат
  9. Байжұман Қалдан

                                                                         

 

 

 

Жиналыс төрағасы:                                        Айжарық Шайырбек

 

 

Хатшы:                                                              Абдуахитов Сейітжаппар

  

 

 

 

 

Күн тәртібінде:.

  1. Шәуілдір ауылындағы бірқатар көшелерге атау беру мәселесі туралы

 

Күн тәртібі бойынша ауыл округі әкімі Қыдыр Ғалым Сағындықұлы  сөз сөйлеп бұл жиналыс – Шәуілдір ауыл округі бойынша Ұлы Отан соғысына қатысқан екі немесе оданда көп ордендері бар тұлғалардың тізімін Түркістан облысы мәдениет басқармасы тарапынан сұратылғанын айтты.                       Осыған байланысты ауыл округі әкім аппрараты тарапынан Ұлы отан соғысына қатысқан 7 ардагердің тізімі ұсынылды. Облыстық ономастикалық комиссия тарапынан сараптау жүргізіліп көшеге есімдерін беру үшін 6 ардагердің тізімі берілді.

  1. Белгібаев Имансары Айтбайұлы 1923 жылы желтоқсан айының 10 жұлдызында Тартоғай мекен-жайы 22-ауыл, Түркістан ауданында дүниеге келген.1932 жылдан 1941 жылға дейін Балтакөл, Жамбыл мектептерінде білім алған.1942 жылы 1-маусымнан бастап соғысқа аттанған.Украинаны, Белорусияны, Молдавияны,Румынияны, Венгрияның, Пруссияның бірқатар жерлерін неміс фашистерінен азат етуге қатысқан.Соғыста көрсеткен ерлігі үшін: "Отан соғысы,""Қызыл жұлдыз,""Даңқ" ордендері мен ерлігі үшін тағы басқа 19 медальдармен наградталған.Алғаш рет кіші командир , кейін офицер шенін алып өздігінен жүретін зеңбіректің командирі болып гвардия лейтенанты деген шен алған. 1946 жылы қыркүйек айында елге оралған.
  2. Нысанбек Әметбек 1920 жылы Ынталы ауылында дүниеге келген. 1936 жылы Ынталу колхозында есепші болған. 1940 жылы Ұлы Отын соғысына кеткен. 1941-1945 жылдар соғыс майданында болған. 1945-1964 жылдар аралығанда аудандық әлеуметтік қоғау бөлім бастығы. 1964-1970 жылдар Талапты ауылдық кеңес төрағасы. 1970-1980 жылдары мәдениет бөлім қызметкері. 1980 жылдан ерекше республикалық маңызы бар зейнеткер.                    2000 жылы  тамыз айында қайтыс болған.
  3. Қысмұратов Төлеш 1914 жылы бұрынғы "Овцевод" қаззіргі Әл-Фараби совхозының Сумағар учаскесінде дүниге келген. Ес білгеннен үй шаруасына қолханат болып өседі. 1930 жылы Т.Қысмұратовтың өміріне өзгеріс енеді. Бұл жылы Шәуілдір өңірінде коллективтендіру жұмысы күшті қарқын алды. Құмдағы, Сырдағы қалың ел бірігіп Д.Алтынбеков каналлын қазуға кірісті.1931 жылы ауданда алғаш бес кеңшар ұйымдастырылды. Соның бірі "Жаңаарық" колхозының алғашқы мүшелерінің бірі болды. 1935 жылы Шәуілдір ауданы құрылып сол жерде агротехник болып бекітілді. 1942 жылы әскерге аттанған.
  4. Оспанқұлов Әбіләкім 1926 жылы 9 мамырда Отырар ауданынана қарасты Шәуілдір ауылыда дүниге келген. 1944-1946 жылдары әскер қатарында болып Ұлы Отан соғысына қатысты.ІІ топтағы соғыс мүгедегі. 1947 жылдан 1987 жылға дейін аудандық мәдениет үйінің директоры, автоклуб меңгерушісі болып еңбек етті. 1988 жылдан бері мүгедектер қоғамының төрағасы, аудандық кеңесі төрағасының орынбасары.Отырар ауданының құрметті азаматы.    
  5. Өтеген Татыбаев 1918 жылы қазіргі Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылына қарасты Аққолтық елді мекенінде дүниеге келген. Жас кезінен ауыл молдаларынан сауат ашқан ол 1934-1936 жылдары Самарқанд қаласында теміржол мамандарын дайындайтын оқу орнында білім алған.1936 жылы отбасымен Шәуілдір ауылына көшіп келіп, №38 теміржол разъезінде жұмыс істеген.
  6. Үмбетов Икрамхан 1925 жылы шілде айының 15-і күні “Ынталы” колхозында Бердіқұлұлы Үмбет пен Көбекқызы Алтынайдың отбасында дүниеге келген 4 ұл, 3 қыздың бірі болған. 1943 жылы Жамбыл атындағы орта мектептің 8-ші сыныбын бітірген соң майданға аттанады. Пулеметшілер дайындайтын арнайы курстан өткеннен кейін, пулеметшілер расчетының командирі есебінде Беларуссия майданына жіберіледі. Сержант шенін алған, 1944 жылы бөлімше командирі, кейіннен рота командиріне дейін көтеріледі. 1944 жылдың 13-ші шілдесінде сол аяғынан жараланып, әскери госпитальға түседі. 3 айдан астам емделгеннен соң Чехословакия майданына жібереді. Үмбетов Икрамхан Бердіқұлұлы Ресей, Белоруссия, Украйна, Чехословакия елдерін жаудан азат етуге қатысқан. Берлин қаласын жаудан азат етуге атсалысады. 1948 жылға дейін әскери қызметте болып, елге сол жылдың аяғында оралған.

 

Өзара пікір алмасу мазмұны.

Өзара пікір алмасу кезінде қоғамдық жиналысының мүшелері   Тұрлыбек Мейрамкүл аталған ардагерлерге көшелерге есім беру мәселесін қолдады. Екінші болып сөз алған қоғамдастық жиналысының мүшелері Айнабеков Жұмажан мен Айжарықов Шайырбектер -  Ұлы Отан соғысына қатысқан екі немесе оданда көп ордендері бар тұлғаларға Шәуілдір ауылындағы көшелердің есімін беруге лайық деп сұраныс хат жолдауға шақырды.

Қабылдаған шешім:

           Жиналыс барысында қоғамдастық мүшелері Әбжаппар Ақылбай,  Айнабеков Жұмажан, Ордабаев Абдулла, Нәлібаев Құдіретулла, Төлегенов Ораз Диханбаев Есенгелді, Құлахметов Дінмұхамед, Абдуахитов Сейітжаппар, Диханбаев Есенгелді, Айжарық Шайырбек, Жамантаев Талғат,Байжұман Қалдан Ұлы Отан соғысына қатысқан екі немесе оданда көп ордендері бар тұлғаларға Шәуілдір ауылындағы көшелердің есімін беруге лайық деп тиісті органға сұраныс хат жолдау керек деп  шешті.

 

 

      Жиналыс төрағасы:                                     Айжарық Шайырбек

 

      Хатшы:                                                           Абдуахитов Сейітжаппар       

 

 

 

 

 

 

 

Шәуілдір  ауылдық округі бойынша өткізілген жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысқан тұлғалардың тізімі

 

АТӘ

1

Қыдыр Ғалым Сағындықұлы

2

Қайратұлы Дархан

3

Кәрібаев Дүйсебай Мәжитұлы

4

Ізтілеу Әбдібек Пернебекұлы

5

Наушабай Самат Анарбайұлы

6

Айнабеков Жұмажан

7

Әбжаппар Ақылбай

8

Нәлібаев Құдіретулла

9

Диханбаев Есенгелді

10

Құлахметов Дінмұхамед

11

Абдуахитов Сейітжаппар

12

Айжарық Шайырбек

13

Жамантаев Талғат

14

Байжұман Қалдан