АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ

АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ
Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Қазақстан Республикасының Президентінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №1247 Жарлығы аясында ел болашағы үшін өлшеусіз үлес қосып келе жатқан көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін салтанатты түрде табыстады.
Марапаттау рәсімінде аудан басшысы аналарды мерейлі марапаттарымен құттықтап, олардың қоғам мен отбасыдағы ерекше рөлін атап өтті. Сондай-ақ ұлт болашағын тәрбиелеп отырған аналардың еңбегі әрдайым құрметке лайық екенін айтып, отбасыларына амандық, бала-шағаларына бақ-береке тіледі.
«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» – аналардың еселі еңбегі мен ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігінің айқын көрінісі. Бұл марапаттар көпбалалы аналарға көрсетілген мемлекет қамқорлығы мен құрметінің белгісі.
Ауданымызда бүгінде 703 «Алтын алқа», 1373 «Күміс алқа» иегері және 66 «Батыр ана» бар. Бұл өңірдегі береке мен бірліктің, отбасы құндылықтарына деген адалдықтың айқын көрінісі. Осындай аналардың арқасында елімізде ұрпақ сабақтастығы сақталып, ұлттық тәрбиенің өзегі нығайып келеді.
Салтанатты шара барысында марапат иелері көрсетілген құрмет үшін алғыстарын білдіріп, елдің өсіп-өркендеуіне үлес қосатын саналы ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еңбектерін жалғастыра беретіндерін жеткізді.
Анаға деген құрмет – қоғамның рухани байлығы мен ел берекесінің кепілі. Сондықтан аналардың еңбегін ардақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз.