Жалпы құны 305 млн теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба іске асырылып, 21 жаңа жұмыс орны ашылды.
Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы өндірістік парк аумағына арнайы барып, кәсіпкерлердің жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар өндірісті дамыту және кәсіпкерлерге қолдау көрсету бағытында жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Өндірістік парк – аудан экономикасын дамытуға және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған маңызды жобалардың бірі.