Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлының өкімімен Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып Жандарбеков Олжас Болатханұлы тағайындалды. Жаңадан тағайындалған лауазым иесін аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов ұжым мүшелеріне таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тілеп, абыройлы еңбек ететініне сенім білдірді.
Олжас Болатханұлы 1989 жылы 19 мамырда Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында туған. 2011 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша оқып, бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 04.06.2012 жылы Отырар аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы болып бастап, 22.10.2013 жылы Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.
02.12.2020 жылдан бастап Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі қызметін атқарып келді.