Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, мекеме басшылары және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, ауданның және ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, оның ішінде индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы қаралды. Аталған мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асқар Жалғасбайұлы баяндама жасап, негізгі бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттерге кеңінен тоқталды.
Жиын барысында көрсеткіштердің орындалу деңгейі талданып, бірқатар салада орын алған кемшіліктер мен тәуекел факторлары айтылды. Сонымен қатар, оларды жою бойынша нақты ұсыныстар мен тиімді шешу жолдары қарастырылды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы жауапты сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне индикаторлық көрсеткіштердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету, жоспарлы жұмыстарды күшейту және әрбір көрсеткіш бойынша нақты нәтиже көрсету жөнінде тиісті тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, аудан әкімі атқарылатын жұмыстардың барысы тұрақты бақылауда болатынын атап өтті.