Маяқұм ауыл округінде 15 қыркүйек күні «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.


Сенбілік барысында ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері бекітілген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, айналаны қоқыстан тазартты, жабайы шөптерді тазалап , ауылдың аумағының абаттандырылуы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.