ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Қазіргі таңда интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің түрлері көбейіп, азаматтардың жеке және қаржылық деректерін заңсыз иемденуге бағытталған қауіптер артып отыр.
Қауіпсіздікті сақтау үшін:
– күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
– жеке деректеріңізді бөгде адамдарға бермеңіз;
– банк картасының деректері мен SMS арқылы келген растау кодтарын ешкімге айтпаңыз;
– барлық аккаунттарда көпфакторлы аутентификацияны қосыңыз;
– күрделі әрі бірегей құпиясөздерді пайдаланыңыз.
Есте сақтаңыз: банк, құқық қорғау органдары немесе мемлекеттік мекеме қызметкерлері құпия кодтар мен парольдерді телефон арқылы сұрамайды.
Интернетте ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау — алаяқтардың құрбаны болудың алдын алудың маңызды жолы.
Сенімді бол, қырағы бол, сақтан!