Бүгін Маяқұм ауылында сенбілік өтті!


Ауылдың тазалығы мен көркі – бәрімізге ортақ міндет. Бүгін, 27 тамызда Маяқұм ауылында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылып, тұрғындар бір кісідей белсене қатысты.
Сенбілік барысында:
* Ауыл ішіндегі көшелер мен қоғамдық орындар күш-қоқыстан тазартылды.
* Арықтар мен демалыс аймақтары ретке келтірілді.
* Тазалықты сақтау мен туған жерге деген сүйіспеншілік насихатталды.
Ауылдың гүлденуіне өз үлесін қосқан, қолына сыпырғы мен күрек алып, бірлігін танытқан барша ауылдастарға үлкен алғыс білдіреміз!
Тазалық – босағадан басталады. Аулымыз аман, тазалығымыз тұрақты болсын!