
Маяқұмның мақтанышы Нұрдаулет Бақтыбайұлы «Шымкент барысы» атанды!
Тартысты бәсекеде қарсыластарынан басым түскен Маяқұм ауылының тумасы Бақтыбайұлы Нұрдаулет қалалық турнирдің бас жүлдесін жеңіп алып, «Шымкент барысы» атағына қол жеткізді. Бұл — барша ауыл тұрғындары үшін үлкен мақтаныш.
Бұл сында Маяқұм ауылдық округінің әкімі Р. Ілесбек арнайы барып, жерлесімізге жанкүйерлік етті. Ауыл басшысының бұл қолдауы палуандарға ерекше шабыт сыйлап, рухын көтерді.
Нұрдаулетке алдағы республикалық жарыстарда да толағай табыстар тілейміз!