
«КІТАПҚА ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» ЖОБАСЫ
Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітапқа екінші өмір сыйла» жобасы аясында кітаптарды қалпына келтіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Жоба барысында тозығы жеткен кітаптардың сыртқы мұқабасы жаңартылып, кітап блогы бекітіліп, жыртылған және бүлінген беттері қалпына келтіріледі. Әрбір кітап ұқыптылықпен өңделіп, қайтадан оқырман игілігіне ұсынылады.
Бұл жоба – кітап қорын сақтап қана қоймай, рухани мұрамызды келер ұрпаққа аман жеткізуге бағытталған маңызды бастама. Себебі әрбір қайта жаңғыртылған кітап – білімнің жалғасы, тарихтың куәсі және ұлт қазынасының ажырамас бөлшегі