
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ОТЫРАР АУДАНЫ: МАЯҚҰМ АУЫЛЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Маяқұм ауылы әкімі Р.Ілесбектің тапсырмасына сәйкес ауыл округтері мен халықаралық маңызы бар «Маяқұм – Балтакөл » бағытындағы автожол аумағында тазалық және шөп ору жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар ауылда тазалық мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратының мамандары түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының маңыздылығы түсіндіріліп, ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлерге өздеріне тиесілі аумақтың тазалығына жауапкершілікпен қарауы қажет екені айтылды.
Сондай-ақ тазалықты сақтау тек кәсіпкерлердің ғана емес, әрбір тұрғынның азаматтық міндеті екені атап өтілді. Үй іргесіндегі аумақты таза ұстау, қоқысты белгіленген орындарға шығару және үй маңындағы өсіп кеткен шөптердің уақытылы шабылуын қамтамасыз ету – баршаға ортақ жауапкершілік екені айтылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.