ОТЫРАРДАҒЫ «ҚЫЗЫЛ ТУ» НАСОС СТАНЦИЯСЫНА ЖАҢА ҚОНДЫРҒЫЛАР ОРНАТЫЛДЫ

ОТЫРАРДАҒЫ «ҚЫЗЫЛ ТУ» НАСОС СТАНЦИЯСЫНА ЖАҢА ҚОНДЫРҒЫЛАР ОРНАТЫЛДЫ

ОТЫРАРДАҒЫ «ҚЫЗЫЛ ТУ» НАСОС СТАНЦИЯСЫНА ЖАҢА ҚОНДЫРҒЫЛАР ОРНАТЫЛДЫ

Отырар ауданындағы шаруаларды ағын сумен жүйелі түрде қамтамасыз ету мәселесі оң шешімін тауып келеді. Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы «Қызыл Ту» насос станциясына арнайы барып, жаңадан орнатылған су айдайтын насостардың жұмысымен танысты.
Бұған дейін аталған станциядағы тозығы жеткен ескі қондырғыларға бірнеше рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен, олар халықтың сұранысын толық қамтамасыз етуге қауқарсыз болып келген еді. Сондықтан бұл мәселе «Қазсушар» РМК басшылығы мен ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің назарына жеткізіліп, станцияға жаңа қондырғылар алу туралы ұсыныс айтылған болатын.
Аудан басшылығының бұл бастамасы қолдау тауып, нәтижесінде станцияға қуаттылығы жоғары 3 жаңа насос сатып алынды. Бұл шара өңірдегі су тапшылығы мәселесін айтарлықтай жеңілдетпек.
Ағын су - Отырар ауданындағы ауыл шаруашылығының күретамыры. Оны тиімді басқару тек егіс алқаптарын суару ғана емес, бүкіл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер етеді.
Аудан басшысы Қайрат Жолдыбайұлы жауапты сала мамандарына жаңа құрылғылардың үздіксіз әрі тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырып, станция аумағындағы қондырғылардың техникалық жай-күйін күнделікті бақылауда ұстау керектігін ескертті.
Жаңа қондырғылардың іске қосылуы жергілікті шаруалардың жұмысын жеңілдетіп, биылғы суару маусымының кедергісіз өтуіне септігін тигізеді деп күтілуде.