
МЕМЛЕКЕТТІҢ БОЛАШАҒЫ — КІТАП ОҚИТЫН ҰРПАҚТА!
Кітап — білімнің бастауы, ойдың азығы, ұлттың рухани қазынасы. Мемлекет басшысының кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған бастамасы жастардың білімге деген қызығушылығын арттырып, зияткер ұлт қалыптастыруға жол ашады.
Кітап оқитын қоғам — саналы қоғам. Өскелең ұрпақтың кітаппен дос болуы олардың дүниетанымын кеңейтіп, ойлау қабілетін дамытып, ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
Руханиятқа жасалған әрбір қолдау — елдің ертеңіне салынған инвестиция. Сондықтан кітап оқуды өмір салтына айналдыру — баршамызға ортақ міндет.