
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы жалғасын табуда. Акцияның басты мақсаты – халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына, қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға аудару.
Әркім өзінен бастау арқылы осы мәселені шешуге қадам жасай алады.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ Маяқұм ауыл округінде «Таза Қазақстан» экологиялық іс-шарасының аясында сыртқы орындарды тазалап, сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: Қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру. Мұндай іс-шаралар балаларға үлгі болып, табиғатқа деген қамқорлықты арттыратыны сөзсіз.
⚘️Тазалық – Біз бен Сізден басталады!