ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖАМБЫ АТУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 5 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖАМБЫ АТУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 5 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Ақтау қаласында Жамбы атудан Азия чемпионаты қорытындыланды. Құрлықтық додада Түркістан облысының мергендері табысты өнер көрсетіп, 5 медаль еншіледі. Атап айтқанда, жастар арасында Ақберен Үсен «Азия» стилінде алтыннан алқа тақса, «Түрік» стилінде де чемпион атанды. Ал, «Жамбы» стилінде күміс жүлдеге қол жеткізді. Жасөспірімдер арасында ел намысын қорғаған Ғұмыр Лесбек те мергендігімен дараланды. Ол «Жамбы» стилінде 1-орын иеленсе, «Түрік» стилінде күміс медальді жеңіп алды.

Айтулы додада Ақберен Үсен ерекше шеберлігімен көзге түсіп, арнайы «Тайтұяқ» марапатының иегері атанды. Жеңімпаз спортшылар - Түркістан облысының ұлттық спорт түрлері мектебінің шәкірттері.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі