ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ӨТКЕН АПТАДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ӨТКЕН АПТАДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ

✔Өткен апта Түркістан облысы спортшылары үшін табысты болды. Өңір мақтаныштары халықаралық додаларда ел намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарды иеленді.

✔Универсалды жекпе-жектен (Унифайт) Азия чемпионаты
10-15 шілде аралығында Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында өткен унифайттан Азия чемпионатында Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетті:
Қ. Күмісбек – 40 кг, 🥈 2-орын
Қ. Абилхан – 45 кг, 🥈 2-орын
Н. Сабыр – 60 кг, 🥉 3-орын
А. Тілеубек – +95 кг, 🥇 1-орын
Н. Абдулла – 80 кг, 🥇 1-орын
Б. Бақтиёров – 85 кг, 🥇 1-орын
Д. Құрманбек – +80 кг, 🥇 1-орын
К. Алпысбай – 57 кг, 🥇 1-орын
Е. Абдубай – +52 кг, 🥇 1-орын
А. Нұрланқызы – 52 кг, 🥇 1-орын
Қ. Анарбек – +62 кг, 🥇 1-орын
А. Салсалбек – 65 кг, 🥇 1-орын

⤵Грек-рим күресі
19-21 шілде күндері Венгрияның Будапешт қаласында өткен “Polyák Imre & Varga János Memorial” рейтингтік халықаралық турнирінде 57 келі салмақта Раймова Нилуфар 🥉 қола жүлдені жеңіп алды.

⤵Еркін күрес
15-18 шілде аралығында Будапештте өткен ересектер арасындағы халықаралық турнирде Түркістан облысының спортшысы, ұлттық құраманың мүшесі Есенгелді Асылжан 61 кг салмақта 🥉 үшінші орын иеленді.

⤵Дзюдо
12-13 шілде күндері Тайпей (Тайвань) қаласында өткен Ашық Азия кубогында 90 кг салмақта Хамза Дидар 🥉 қола жүлдегер атанды.

⤵Каратэ (WKF)
10-13 шілде аралығында Астана қаласында өткен “Kazakhstan Open” халықаралық турнирінде Түркістан облысының каратэшілері үздік нәтиже көрсетті:
Айзере Абдрасил – 🥇 1-орын
Елнұр Түребек – 🥇 1-орын
Гүлмира Үсенова – 🥇 1-орын

⤵Кәсіпқой бокс
ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, облыстың үздік спортшысы Сәкен Бибосынов Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп шықты.