
✔Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Freedom Holding Corp.» компаниясының негізін қалаушы әрі басшысы Тимур Турловпен кездесті. Кездесуде Түркістан облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жолдары талқыланды.
📌– Тарихи Түркістанға қош келдіңіз. Біздің өңірге қатысты жобаларыңызды қарастырып, идеяларыңызды тыңдауға дайынбыз. Облыста өндіріс орындарын ашуға, жаңа технологияларды енгізуге қолдау көрсетіледі, – деді Нұралхан Көшеров.
✔Тимур Турлов «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру, интернет сапасын жақсарту, ІТ саласындағы технологияларды енгізу және өзге де бастамалар туралы айтты.
✔Қос тарап ұсыныстарды талқылап, жобаларды нақтылау жөнінде уағдаласты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі