
Ақтөбе облысында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына және қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық «Айбын-2025» әскери-патриоттық оқушылар жарысы өтті. Ауқымды жарысқа Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан мемлекеттерінен келген командалармен бірге 800-ге жуық жас сарбаз қатысып, өзара бақ сынасты.
Жиынға Түркістан облысының атынан Кентау қаласының «Жас Қыран» әскери-патриоттық клубы қатысып, облыс намысын абыроймен қорғады. Түркістан облысының намысын қорғаған «Жас Қыран» әскери-патриоттық клубы халықаралық байқауда жүлделі ІІ орынға ие болды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі