Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Түлкібас ауданына қарасты Түлкібас кентінде өнегелі іс-шара өтті. Өңірдегі қайырымдылық шараларына белсене атсалысып, қолдау көрсетіп жүрген "Түркібасым - құтты мекен" қайырымдылық қоры мен ауылдың жанашыр жігіттері бірігіп, көпбалалы анаға баспана сыйлады.
Игі шараға аудан әкімінің орынбасары Ғани Құрманбай, аудандық мәслихат төрағасы Серғали Сәрсембаев және ел ағалары қатысып, қайырымды жандарға өз алғыстарын жеткізді. Кент белсендісі, қор жетекшісі Рауан Ерболұлы алдағы уақытта да осындай игі бастамаларды жалғап, көптің батасын алуға ниетті. Сонымен қатар, өңір тұрғындарын да осы шараларға белсене қатысуға шақыруда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі