ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ БАҚЫЛАУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал мәселелері бойынша апталық штаб отырысы өтті. Жиынға департамент және басқарма басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ аудан-қала әкімдерінің орынбасарлары селокторлық режимде қатысты.

Жиын барысында қоғамдық-саяси ахуал жан-жақты  талқыланып, қоғамның қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету бағытындағы ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Күн тәртібіне сәйкес бірқатар жауапты басқарманың басшылары маңызды мәселелер төңірегінде есеп беріп, алдағы атқарылар жұмыстардың жоспарын баяндады. 

Басқосуда қоғамдық-саяси  ахуалды бақылауда ұстап, дер кезінде тиісті шараларды тиісті жүргізу баса айтылды.

Мәжіліс соңында  облыс әкімінің орынбасары өңірдегі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен орын алған өзекті мәселелер бойынша тиісті жұмыстарды күшейтуді тапсырды.  Сондай-ақ жауаптыларға жүктелген міндеттердің дұрыс атқарылуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі