ТҮРКІСТАНДА ЖАЗУШЫ МАРХАБАТ БАЙҒҰТТЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ЖАЗУШЫ МАРХАБАТ БАЙҒҰТТЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ЖАЗУШЫ МАРХАБАТ БАЙҒҰТТЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ ӨТТІ

Түркістан қаласында «Фараб» ғылыми-әмбебап кітапханасында классик жазушы, қазақтың көрнекті қаламгері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мархабат Байғұттың 80 жылдығына арналған «Мақамы бөлек Мархабат Байғұт» атты
халықаралық симпозиумы өтті.

Шара аясында «Мархабат Байғұт-80 жаста» атты фотокөрме, жазушы шығармашылығына арналған театр қойылымы, қаламгер туралы деректі фильм көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ, шара соңында жастар арасындағы республикалық шығармашылық байқауы мен «Мархабат оқулары» облыстық байқауының жүлдегерлері марапатталды.

Басқосуға белгілі қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері, халықаралық деңгейдегі қонақтар мен елімізге танымал ақын-жазушылар қатысты. Жазушының 80 жылдығына арналған симпозиум 16-17 мамыр күндері Созақ және Түлкібас аудандарында жалғасатын болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі