ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 11,3 МЫҢ ГЕКТАРҒА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЕНДІРІЛДІ
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен өңірдің даму жоспарындағы индикаторлық көрсеткіштер әзірленіп, бекітілген. Аудан және қала әкімдіктері мен жауапты басқармаларға бекітілген көрсеткішерді тұрақты бақылауда ұстап, орындалуын қамтамасыз ету жүктелген. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жетекшілік ететін салалары бойынша индикаторлық көрсеткіштердің орындалуын саралап, аудан-қала әкімдері орынбасарларының қатысуымен мәжіліс өткізді. Онда осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың барысы баяндалды.
✔️«Жол картасына» сәйкес, 2025 жылы ауыл шаруашылығы саласында 29 жобаны іске асыру жоспарланған. 4 айдың қорытындысымен Шардара ауданында 2 инвестициялық жоба, Байдібек аудында 1 жоба және Жетісай ауданында 1 жоба іске асқан. Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына және тамақ өнімдерінің негізгі капиталына инвестиция тарту жұмыстары Отырар, Қазығұрт, Ордабасы аудандары мен Кентау және Арыс қалаларында кенжелеп тұрғаны айтылды.
✔️Еліміздегі ең алғаш су үнемдеу технологиясын шығаратын зауыт Түркістан облысында ашылды. Түркістан облысында су үнемдеу технологиясын ендіру жыл басынан бері 11,3 мың гектарды құрады. Сондай-ақ, биыл 4,5 мың гектарды жаңбырлатып суғару әдісіне көшіру жоспарланып отыр. Бұл әдістің экономикалық тиімділігі – ағын су шығынын 2 есеге кемітіп, өнімділікті 2-3 есеге арттырады. Сонымен қатар су үнемдеу технологиясы жұмыс күшінің үлесін азайтады. Нұрбол Тұрашбеков бұл бағыттағы жұмысты ширатуды, көзделген межені бағындыруға күш салуды тапсырды.
✔️Жер қатынастары басқарма басшылығы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша түзілген жоспардың орындалуын баяндап, атқарылған жұмыстарға тоқталды. Қазіргі таңда Созақ, Келес аудандары мен Арыс қаласында жоспар жүзеге асқан. Өзге аудан-қалаларда жұмыс жалғасуда.
Ветеринария саласынадғы жұмыстар баяндалды. Мәжіліс барысында Мақтаарал және Ордабасы ауданы әкімдерінің орынбасарларына «Беккари» шұңқыры мен мал шомылдыратын орын құрылыстарының 1-шілдеге дейін аяқталуын қадағалау тапсырылды.
✔️Балық шаруашылығын дамытуда Түркістан облысы жасанды жолмен балық өсіру бойынша Республикада көш бастап тұр. 2025 жылдың 4 айдың қорытындысымен өндірілген балық 905 тоннаға жеткен. Балық шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдаулар бойынша барлық аудан-қалада тұрақты түрде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Балық шаруашылығын субсидиялау да балық шаруашылығын дамытуға оң ықпалын тигізуде.
✔️Облыс әкімінің орынбасары статистикалық көрсеткіштердің сәйкестендірілуіне баса мән беру керектігіне тоқталды. Мәжіліс қорытындысымен тапсырма-жоспар түзіліп, жауаптылар бекітілді. Тапсырмалардың орындалуына мерзім белгіленіп, бақылауға алынды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
-------------------
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ С НАЧАЛА ГОДА ВОДОСБЕРЕГАЮЩИЕ ТЕХНОЛОГИИ ВНЕДРЕНЫ НА 11,3 ТЫС. ГА
По поручению акима Туркестанской области Нуралхана Кушерова в целях развития региона разработаны и утверждены индикаторные показатели. На акиматы районов и городов и ответственные управления возложено обеспечение исполнения утвержденных показателей. Заместитель акима области Нурбол Турашбеков проанализировал ход исполнения индикаторов по курируемым отраслям и провел совещание с участием заместителей акимов районов и городов.
Согласно дорожной карте, в 2025 году планируется реализация 29-ти проектов в сфере сельского хозяйства. По итогам четырех месяцев реализованы два инвестиционных проекта в Шардаринском районе, по одному проекту - в Байдибекском и Жетысайском районах. Отмечается, что работа по привлечению инвестиций в основной капитал сельского хозяйства и в основной капитал продуктов питания активно ведется в Отырарском, Казыгуртском, Ордабасинском районах и городах Кентау и Арысь.
Первый в стране завод по производству водосберегающих технологий открылся в Туркестанской области. С начала года водосберегающие технологии внедрены на 11,3 тыс. га земель. Также в этом году планируется перевести 4,5 тыс. га на дождевальный метод орошения. Экономическая эффективность этого метода заключается в том, что он снижает расход поливных вод вдвое и увеличивает урожайность в несколько раз. Кроме того, водосберегающие технологии сокращают долю рабочей силы.
Нурбол Турашбеков поручил усилить работу по внедрению водосберегающих технологий и приложить усилия для достижения намеченных показателей.
На заседании был заслушан отчет руководства управления земельных отношений о выполнении плана по управлению пастбищами и их использованию. На данный момент план реализован в Созакском и Келесском районах и городе Арысь. Работа в других районах и городах продолжается.
Также было доложено о ситуации в ветеринарии. В ходе совещания заместителям акимов Мактааральского и Ордабасинского районов поручено следить за завершением строительства ям Беккари и скотомогильников до 1 июля.
Регион лидирует в республике по искусственному разведению рыбы. По итогам четырех месяцев в области добыто 905 тонн рыбы. Во всех районах и городах на постоянной основе проводится разъяснительная работа по механизмам государственной поддержки, направленной на развитие рыбного хозяйства. Положительное влияние на развитие рыбного хозяйства оказывает субсидирование отрасли.
Замакима области акцентировал внимание на идентификации статистических показателей. По итогам заседания составлен план-задание, утвержден список ответственных за его реализацию лиц. Сроки выполнения поручений взяты на контроль.
Пресс-служба акима Туркестанской области