НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ордабасы ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмен Мұратовтың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Сонымен қатар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаған құттықтау хаты мен «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалін табыстады.

✔️101 жастағы соғыс майдангерімен әңгімелесу барысында әкім бейбіт өмір үшін ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түсіп, қайғы-қасірет шеккен, соның бәрін қайыспай жеңе білген ардагерлердің жанкешті ерлігі мен еңбегі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті. Ардагерге ұзақ ғұмыр тілеп, сый-сыяпат жасады.

✔️1924 жылы дүниеге келген Қалмен Мұратов 1942 жылы 1 тамызда әскер қатарына шақырылып, Калинин облысындағы шайқастарға, Беларусь майданының құрамында шайқастарға қатысқан. «Құрмет белгісі», «І дәрежелі Отан соғысы» ордендерімен, «1941-1945 жылдардағы ҰОС Германияны жеңгені үшін», «Еңбек ардагері» және де басқа да көптеген мерейтойлық мадельдармен марапатталған.

✔️1947 жылы Бөржар ауылында «Сталин» колхозының бригадирі болып, 1973 жылдан бастап теміржолда жұмыс істеді. Ол «Коммунистік еңбектің екпіндісі», «Оныншы бесжылдықтың соққысы», «Социалистік жарыстың жеңімпазы» болды. Қазіргі таңда 6 ұл мен 2 қыздан 31 немере мен 34 шөбере көріп отырған бақытты ардагер.

✔️Түркістан облысында Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне 5 млн. теңге көлемінде біржолғы қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қатар тыл еңбеккерлері және жеңіске үлес қосқан басқа санаттардағы азаматтарға 50-100 мың теңге аралығында берілді. Жалпы Түркістан облысында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген 3 017 адамға біржолғы ақшалай әлеуметтік көмек көрсету үшін аудан-қала бюджеті есебінен қаржы қаралған.

✔️Өңірден Ұлы Отан соғысына 140 мыңнан астам азамат аттанды. Бүгінгі таңда облыс көлемінде 8 ҰОС ардагері бар. Оларға тек мереке қарсаңында ғана емес, жыл көлемінде түрлі көмек көрсетіліп, бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.

✔️Айта кетерлігі, Түркістан облысы бойынша Ұлы Отан соғысың ардагерлері мен Жеңіске қосқан елеулі үлесі бар 3008 азаматқа «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медальдар табысталса, 8 соғыс ардагеріне Мемлекет басшысының атынан арнайы құттықтау адресаты тапсырылып, ҰОС ардагерлері мен олардың отбасы мүшелерімен жеке кездесулер өткізілетін болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

---------------------

НУРАЛХАН КУШЕРОВ ПОСЕТИЛ СЕМЬЮ ВЕТЕРАНА ВОВ И ПОЗДРАВИЛ С ПРАЗДНИКОМ

✔️Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров посетил дом ветерана Великой Отечественной войны Калмена Муратова, проживающего в Ордабасинском районе, и поздравил с праздником. Также он вручил аксакалу поздравительное письмо от имени Президента страны Касым-Жомарта Токаева и единую юбилейную медаль «80 лет Победы в Великой Отечественной войне».

✔️В беседе сл 101-летним фронтовиком аким подчеркнул, что самоотверженный подвиг участников войны сохранится в памяти поколений навсегда. Глава региона пожелал ветерану долгих лет жизни и вручил подарок.

✔️Калмен Муратов родился в 1924 году, был призван в армию 1 августа 1942 года, участвовал в боях в Калининской области, в составе Белорусского фронта. Награжден орденами "Знак Почета", Отечественной войны I степени, "За победу над Германией ВОВ 1941-1945 годов", "Ветеран труда" и многими другими юбилейными медалями.

✔️В 1947 году начал работать бригадиром колхоза «Сталин» в селе Буржар, с 1973 года работал на железной дороге. Он был ударником коммунистического труда, ударником десятой пятилетки, победителем социалистических соревнований. Сейчас у Калмена Муратова 31 внук и 34 правнука от шести сыновей и двух дочерей.

✔️К 80-летию Победы каждому ветерану Туркестанской области оказана единовременная финансовая помощь в размере 5 млн тенге. Кроме того, труженикам тыла и гражданам других категорий, внесшим свой вклад в победу, выдано от 50 до 100 тысяч тенге. В целом, в регионе предусмотрены средства за счет бюджетов районов и городов для оказания единовременной денежной социальной помощи участникам Великой Отечественной войны и приравненным к ним 3017 гражданам.

✔️Напомним, из нашего региона в годы Великой Отечественной войны на фронт отправилось более 140 тысяч граждан. На сегодняшний день в области проживают восемь ветеранов ВОВ. Им оказывается различная помощь в течение года, а также предусмотрен ряд льгот.

✔️Отметим, ветеранам Великой Отечественной войны и 3008 гражданам, внесшим значительный вклад в победу, будут вручены юбилейные медали «80 лет Победы в Великой Отечественной войне». Восемь ветеранов войны получат специальный поздравительный адресат от имени Главы государства.

Пресс-служба акима Туркестанской области