ТҮРКІСТАН: ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАТЫСТЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАТЫСТЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАТЫСТЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының ұйымдастыруымен облыстық, аудандық жергілікті атқарушы органдар мен уәкілетті мемлекеттік органдар басшы құрамының қатысуымен жер қойнауын пайдаланудан туындаған өзекті мәселелер мекемеаралық мәжілісте талқыланды.

Іс-шара барысында келісімшарт пен лицензия негізінде берілген жер қойнауының жер учаскесіне құқық рәсімдеп нысаналы мақсатын ауыстыру, ауыл шаруашылығы, жер салығы мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған шараларға жергілікті бюджетке төлемдер төлеттіру мәселесі, су қорғау белдеуі мен су қорғау аймағынан жер қойнауын беру, сондай-ақ маркшейдерлік қызмет арқылы мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі талқыланды.

Жиын барысында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты туындаған басқа да сұрақтар мен ұсыныстарға облыстық Жер ресурстарын басқару департаменті, «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясы, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының қызметкерлері тарапынан жауаптар берілді.

Мәжіліс қорытындысымен жоғарыда аталған органдарға көтерілген мәселелердің орындалуын бақылауға алу қажеттігі туралы ұсыныстар енгізілді. Жиынға қатысқан аудандық жергілікті атқарушы орган өкілдеріне алдағы уақытта сұрақтар туындаған жағдайда Табиғат қорғау прокуратурасына жүгінуге болатыны жеткізілді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

------------------

ТУРКЕСТАН: ОБСУЖДЕНЫ АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ, СВЯЗАННЫЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ НЕДР

По инициативе специализированной природоохранной прокуратуры Туркестанской области проведено межведомственное совещание с участием руководящего состава областных и районных исполнительных органов, а также уполномоченных государственных структур. В центре внимания — актуальные проблемы, возникающие в сфере недропользования.

В ходе мероприятия были рассмотрены вопросы оформления прав на земельные участки, предоставленные на основе контрактов и лицензий на пользование недрами, а также изменения их целевого назначения. Также обсуждались вопросы взимания платежей в местный бюджет за недропользование — с учётом развития сельского хозяйства, уплаты земельного налога, социально-экономического развития региона и улучшения его инфраструктуры.

Особое внимание уделили теме предоставления недр в пределах водоохранных зон и полос, а также порядку осуществления государственного контроля посредством маркшейдерской службы.

Представители областного департамента управления земельными ресурсами, бассейновой инспекции «Арал-Сырдарья», управления предпринимательства и промышленности, управления природных ресурсов и регулирования природопользования ответили на дополнительные вопросы и предложения, связанные с добычей распространённых полезных ископаемых.

По итогам заседания внесены предложения о необходимости контроля за исполнением поднятых вопросов соответствующими органами. Представителям районных исполнительных органов, присутствовавшим на совещании, было разъяснено, что при возникновении дальнейших вопросов они могут обращаться в природоохранную прокуратуру.

Пресс-служба акима Туркестанской области