МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТАНЫСТЫ

МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТАНЫСТЫ

МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТАНЫСТЫ

✔️2025 жылдың 9-11 сәуір аралығында Маңғыстау облысынан арнайы жасақталған делегация, ауыл әкімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында, Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, тағылымдамадан өтті.

✔️Бұл іс-сапардың негізгі мақсаты – Түркістан өңірінің өнеркәсіп және туризм салаларындағы озық тәжірибелерімен тереңірек танысып, сол бағыттар бойынша тиімді идеялар мен жұмыс тәсілдерін меңгеру.

✔️Тағылымдама барысында делегация мүшелері Түркістан облысының түрлі ауылдық округтеріне барып, жергілікті әкімдермен және сала мамандарымен кездесіп, тәжірибе алмасты.

✔️Сапар аясында Түркістан облысының Арнайы экономикалық және индустриалды аймақтары, шағын өндірістік парк аумағы жұмыстарымен танысып, өңірдің ірі кәсіпорындары, өнеркәсіп саласының флагмандары «BNK group» ЖШС, «Aqniet Holding» ЖШС, «Borte milka» ЖШС, «JNray» ЖШС, «Borte engineering» ЖШС зауыттарында болып қайтты.

✔️Өңірдің туристтік әлеуетімен таныстыру мақсатында, «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығы, «Сарыағаш» санаторий кешені, Көлкент және Балықты демалыс аймақтары жұмысымен таныстыру маршруты ұйымдастырылды.

✔️Сонымен қатар, оларға аймақтың аграрлық жобалары («Gen Group Kazakhstan» ЖШС банан өсіру жылыжайы), балық өсіру технологиялары (АШӨК «Хамит») және суармалы егіншілікті дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен таныстырылды. Бұл тағылымдама ауылдық деңгейдегі басқару сапасын арттырып, аймақаралық ынтымақтастықты нығайтуға өзіндік үлесін қосты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
____

ДЕЛЕГАЦИЯ ИЗ МАНГИСТАУ ОЗНАКОМИЛАСЬ С ОПЫТОМ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ

✔️С 9 по 11 апреля Туркестанскую область с рабочим визитом посетила специально сформированная делегация из Мангистауской области. Ее представители прошли стажировку с целью повышения профессиональной квалификации сельских акимов.

✔️Основная цель визита - глубже познакомиться с передовым опытом Туркестанского региона в сфере промышленности и туризма, освоить эффективные идеи и приемы работы по этим направлениям.

✔️В ходе стажировки члены делегации посетили различные сельские округа, встретились с местными акимами и специалистами отрасли, обменялись опытом.

✔️Делегаты ознакомились с работой специальных экономических и индустриальных зон Туркестанской области, малым производственным парком, побывали на заводах и предприятия ТОО «BNK group», «Aqniet Holding», «Borte milka», «JNray», «Borte engineering».

✔️В целях ознакомления с туристским потенциалом региона гости побывали в государственном природном заповеднике «Аксу-Жабагылы», санаторном комплексе «Сарыагаш», зонах отдыха Колькент и Балыкты.

✔️Делегатам презентовали аграрные проекты региона (теплица для выращивания бананов ТОО«Gen Group Kazakhstan»), технологии рыбоводства (СХПК «Хамит») и работу по развитию орошаемого земледелия.
Стажировка будет способствовать повышению качества управления на сельском уровне. Также это вклад в укрепление межрегионального сотрудничества.

Пресс-служба акима Туркестанской области