ПРЕЗИДЕНТТІҢ КЕҢЕСШІСІ ТҮРКІСТАНДЫҚ ДІН ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ КЕҢЕСШІСІ ТҮРКІСТАНДЫҚ ДІН ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ КЕҢЕСШІСІ ТҮРКІСТАНДЫҚ ДІН ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

✔️Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев дін өкілдерімен кездесті. Басқосуда Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында көтерілген дін саласындағы өзекті мәселелер мен ұлттық құндылықтарды сақтау жолдары талқыланды.

✔️Кездесу барысында Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың профессоры, ғылым докторы Досай Кенжетай, Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов, Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Медет Халықов сөз сөйлеп, ұлттық тұтастықты нығайту мақсатында дін мен руханият, салт-дәстүр және ұлттық құндылықтарды арттыру мәселесі басты назарда екенін айтып өтті. Кездесуге қатысушылар еркін пікір алмасып, дін саласына қатысты мазмұнды ойларын ортаға салды.

✔️Жиында сөз сөйлеген Мәлік Нұржанұлы Ұлттық құрылтайда көтерілген түйткілді мәселелерге тоқталып, осы дін арқылы қоғамның ішіне іріткі салатындарға жол бермеу керектігін жеткізді. Сондай-ақ бірлік пен ынтымақты нығайту, заң мен тәртіпке бағыну, қоғамдағы рухани тұтастықты сақтау, салт-дәстүрді сақтау, сапалы ұрпақ тәрбиелеу, қоғамдық сананы дамыту бағытында ойларын бөлісті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі