Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусарды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Президенттер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Бұдан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Словенияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, оның сапары Қазақстан-Словения серіктестігін тереңдетуге септігін тигізіп, кең мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты.

– Словениямен тығыз ынтымақтастық құруға ниеттіміз. Бұл – анық. Президент ретінде өзара мүддемізге сай келетін барлық саладағы байланысты нығайтуға күш-жігерімді саламын. Біз Словенияны Қазақстанның Балқан түбегіндегі негізгі және өте маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастырамыз. Сіздің елдің бизнес өкілдеріне және үкіметіңізге бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз, – деді Мемлекет басшысы.