
ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Отырар ауданында 2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері бойынша штаб отырысы өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары, штаб төрағасы Қыдырбай Сейітқұл ашып, жүргізіп отырды.
Қазіргі таңда аудандағы білім беру ұйымдарына қажетті 7 500 тонна көмір мен 36 900 литр сұйық отын толық жеткізілген. Сонымен қатар бірқатар мектеп қазандықтарының дайындығы тексерілуде.
Балабақшаларға қажетті 2 830 тонна көмірдің 2 430 тоннасы жеткізілген. Жиын барысында қалған отынды жеткізу және 14 балабақшаның дайындық паспорттарын рәсімдеу тапсырылды.
Денсаулық сақтау ұйымдарына қажетті 2 000 тонна көмірдің 500 тоннасы жеткізіліп, қажетті 18 000 литр сұйық отын толық қамтамасыз етілген.
Мәдениет, кітапхана және спорт ұйымдарына қажетті отын толық жеткізіліп, дайындық паспорттары алынған.
Жиын қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою, отын қорын толықтыру және дайындық жұмыстарын жеделдету тапсырылды. Аталған жұмыстар аудандық штабтың бақылауында болатыны ескертілді.