ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АУДАН, ҚАЛАЛАРҒА МОНИТОРИНГ ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АУДАН, ҚАЛАЛАРҒА МОНИТОРИНГ ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АУДАН, ҚАЛАЛАРҒА МОНИТОРИНГ ЖАСАЛДЫ

🌳 Түркістан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Республика көлемінде бекітілген «Таза Қазақстан» тұжырымдамасына сәйкес, бағдарлама тек тазалық жұмыстарымен шектелмей, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кешенді шараларды қамтиды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.

📝 Жиналыста облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасады. Оның айтуынша, өткен аптада облыс аумағындағы аудан және қалаларда тазалық жұмыстарының сапасына, саябақтар мен скверлердің жай-күйіне, сондай-ақ, ғимараттардың сыртқы келбетіне қатысты басқарма тарапынан мониторинг жұмыстары жүргізілген. Мониторинг нәтижесінде аталған бағыттар бойынша аудан және қала әкімдіктеріне нақты тапсырмалар беріліп, санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарын тұрақты түрде күшейту міндеттелді.

📋 Жыл басынан бері қоғамдық орындарда тәртіп бұзғандарға тоқталатын болсақ, 434-2 бап бойынша 3 386 хаттама толтырылып, 93,4 млн теңге айыппұл салынды. 505-бап бойынша 2 599 хаттама толтырылып, 20,7 млн теңге айыппұл салынды. Ауыл округ әкімдіктері тарапынан 2 276 хаттама толтырылып (соның ішінде 1 851 ескерту), 9,1 млн теңге айыппұл салынған. «TazaQazBot» Telegram чат-боты арқылы 237 өтінім келіп түскен. Оның 183-і орындалып, ал қалған 54 өтініп қаралу үстінде.

💬 Өңір басшысы Нұралхан Көшеров аудан, қала әкімдері мен жауапты басқарма басшыларына елді мекендердегі тазалық пен абаттандыру жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстап, кемшіліктерді жедел жоюды тапсырды. Сонымен қатар тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, «Таза Қазақстан» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша нәтижелі жұмысты қамтамасыз етуді жүктеді.

🔗 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

*

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРОВЕДЕН МОНИТОРИНГ РАЙОНОВ И ГОРОДОВ В РАМКАХ ПРОГРАММЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»

В Туркестанской области на постоянной основе реализуются мероприятия в рамках общенациональной программы «Таза Қазақстан», инициированной Главой государства. В соответствии с утвержденной на республиканском уровне Концепцией «Таза Қазақстан», программа не ограничивается только мероприятиями по уборке территорий, а включает комплексные меры, направленные на формирование экологической культуры населения. Об этом было заявлено на аппаратном совещании под председательством акима Туркестанской области Нуралхана Кушерова.

На совещании первый заместитель акима области Зулпыхар Жолдасов выступил с докладом о ходе реализации программы. По его словам, на прошлой неделе в районах и городах области был проведен мониторинг качества санитарной очистки территорий, состояния парков и скверов, а также внешнего облика зданий. По итогам мониторинга акиматам районов и городов были даны конкретные поручения и поставлена задача на постоянной основе усиливать работу по санитарной очистке и благоустройству населенных пунктов.

С начала года за нарушения общественного порядка по статье 434-2 было составлено 3 386 административных протоколов и наложено штрафов на сумму 93,4 млн тенге. По статье 505 составлено 2 599 протоколов, сумма штрафов составила 20,7 млн тенге. Акиматами сельских округов оформлено 2 276 протоколов, в том числе 1 851 предупреждение, наложены штрафы на сумму 9,1 млн тенге.

Через Telegram-чат-бот «TazaQazBot» поступило 237 обращений. Из них 183 уже исполнены, остальные 54 находятся на рассмотрении.

Глава региона Нуралхан Кушеров поручил акимам районов и городов, а также руководителям ответственных управлений держать на постоянном контроле вопросы санитарного состояния и благоустройства населенных пунктов, оперативно устранять выявленные недостатки. Кроме того, он поставил задачу усилить разъяснительную работу среди населения по формированию экологической культуры и обеспечить эффективную реализацию всех направлений программы «Таза Қазақстан».

Пресс-служба акима Туркестанской области