
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ МЕМЛЕКЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ХОЛДИНГІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР ӨТКІЗДІ
🇰🇿🇨🇳 Түркістан облысы мен Қытайдың жетекші инфрақұрылымдық холдингі арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі басталды. Шетелдік инвесторлармен ірі жобаларды жүзеге асыру жұмыстары басталды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары барысында әлемдік деңгейдегі бірқатар ірі компаниялармен келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде өңір экономикасын дамытуға бағытталған жаңа инвестициялық жобалар пулы қалыптасты.
👥 Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек бастаған делегация Қытайдың жетекші мемлекеттік инфрақұрылымдық холдингтерінің бірі – Hubei Communications Investment Group компаниясының басшылығымен ресми кездесу өткізді. Кездесуге компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы Ян Чанбинь мырза жетекшілік етті. Тараптар көлік инфрақұрылымы, экологиялық технологиялар, ағынды суларды тазарту жүйелері, жасыл энергетика және сутегі инфрақұрылымын дамыту бағыттарындағы ынтымақтастық мәселелерін жан-жақты талқылады.
🏢 Hubei Communications Investment Group – Хубэй провинциясы Үкіметіне толықтай тиесілі ірі мемлекеттік инвестициялық корпорация. 2010 жылы құрылған компания бүгінде Қытайдағы ең қуатты инфрақұрылымдық холдингтердің қатарына кіреді. Оның жарғылық капиталы 26,5 миллиард юаньды, ал жалпы активтері 930 миллиард юаньнан асады. Компания 2025 жылғы Қытайдың 500 ірі кәсіпорны рейтингінде 222-орынға ие болған.
🛣️ Холдинг 6873 шақырымдық жоғары жылдамдықты автомобиль жолдарын, Янцзы өзені арқылы өтетін 15 ірі көпірді, 320 сервистік аймақ пен автотұрақты және 402 ақылы жол бекетін басқарады. Сонымен қатар логистика, индустриялық парктер, қаржылық инвестициялар, цифрлық көлік жүйелері және жаңа энергетика салаларында белсенді жұмыс жүргізіп келеді.
📋 Кездесу барысында тараптар ең алдымен экологиялық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне назар аударды. Әсіресе шалғай елді мекендерде, туристік нысандарда, индустриялық аймақтар мен жол бойындағы сервистік кешендерде қолданылатын заманауи үлгідегі таралған ағынды су тазарту қондырғыларын енгізу мүмкіндіктері қарастырылды.
💻 Қытай тарапы кездесуде интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықталған «Цинфоман» кешенді ағынды су тазарту технологиясының мүмкіндіктерін таныстырды. Бұл жүйе энергияны үнемдеу, қашықтан бақылау және қайта пайдаланылатын техникалық су өндіру секілді артықшылықтарымен ерекшеленеді.
🔋Сонымен қатар жасыл экономика мен төмен көміртекті даму бағытындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері кеңінен талқыланды. Hubei Communications Investment Group соңғы жылдары сутегі энергетикасы, электр көліктеріне арналған зарядтау желілері және экологиялық көлік инфрақұрылымын дамытуға ірі инвестициялар бағыттап келеді.
💡Компания басшылығы «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында Орталық Азия елдерімен серіктестікті кеңейтуге ерекше қызығушылық танытатынын жеткізді. Осы ретте Түркістан облысы сутегі энергетикасы, жаңартылатын энергия көздері және көлік-логистикалық инфрақұрылым бағыттарындағы бірлескен жобаларды іске асыру үшін қолайлы алаң ретінде қарастырылуда.
💬 Кездесу барысында Қанат Қайыпбек Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті туралы кеңінен таныстырып, өңірде жүзеге асырылып жатқан индустриялық және инфрақұрылымдық жобалар жөнінде ақпарат берді. Облыс әкімінің орынбасары қытайлық инвесторларды Түркістан өңірінде бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырып, әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.
🤝 Өз кезегінде Hubei Communications Investment Group өкілдері Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын жоғары бағалап, инфрақұрылым, құрылыс, жаңа энергетика және экологиялық технологиялар салаларындағы әріптестікті тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді.
🏢 Айта кету керек, холдинг құрамындағы құрылыс компаниясы көлік инфрақұрылымын инвестициялау және салу саласындағы толық циклді мемлекеттік кәсіпорын болып табылады. Компанияның жарғылық капиталы 6,5 миллиард юаньды, активтері 35,3 миллиард юаньды құрайды. Кәсіпорынның халықаралық деңгейдегі AAA несиелік рейтингі бар және автомобиль жолдары, көпірлер, азаматтық құрылыс нысандары бойынша жоғары санаттағы лицензияларға ие.
🤝 Кездесу қорытындысында тараптар инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, жасыл индустрия жобаларын бірлесіп іске асыру және екі өңір арасындағы ұзақ мерзімді әріптестікті дамыту мәселелері бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
🎯 Бұл кездесу Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестіктің нығаюына, сондай-ақ Түркістан облысына озық технологиялар мен ірі инвестицияларды тартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.
🔗 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
*
ДЕЛЕГАЦИЯ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРОВЕЛА СТРАТЕГИЧЕСКИЕ ПЕРЕГОВОРЫ С РУКОВОДСТВОМ ВЕДУЩЕГО ГОСУДАРСТВЕННОГО ИНФРАСТРУКТУРНОГО ХОЛДИНГА КИТАЯ
🇰🇿🇨🇳 Начался новый этап сотрудничества между Туркестанской областью и одним из ведущих инфраструктурных холдингов Китая. Стартовала работа по реализации крупных проектов с участием иностранных инвесторов. В ходе рабочей поездки акима Туркестанской области Нуралхана Кушерова в Китайскую Народную Республику были проведены переговоры с рядом крупных компаний мирового уровня, в результате чего сформирован пул новых инвестиционных проектов, направленных на развитие экономики региона.
👥 Сегодня делегация во главе с заместителем акима Туркестанской области Канатом Кайыпбеком провела официальную встречу с руководством одной из ведущих государственных инфраструктурных холдинговых компаний Китая – Hubei Communications Investment Group. Встречу возглавил председатель совета директоров компании господин Ян Чанбинь. Стороны подробно обсудили вопросы сотрудничества в сферах транспортной инфраструктуры, экологических технологий, систем очистки сточных вод, зеленой энергетики и развития водородной инфраструктуры.
🏢 Hubei Communications Investment Group – крупная государственная инвестиционная корпорация, полностью принадлежащая Правительству провинции Хубэй. Основанная в 2010 году, компания сегодня входит в число самых мощных инфраструктурных холдингов Китая. Ее уставный капитал составляет 26,5 млрд юаней, а совокупные активы превышают 930 млрд юаней. В рейтинге 500 крупнейших предприятий Китая за 2025 год компания заняла 222-е место.
🛣️ Холдинг управляет сетью скоростных автомобильных дорог общей протяженностью 6873 километра, 15 крупными мостами через реку Янцзы, 320 сервисными зонами и парковочными комплексами, а также 402 пунктами взимания платы за проезд. Кроме того, компания активно работает в сферах логистики, индустриальных парков, финансовых инвестиций, цифровых транспортных систем и новой энергетики.
📋 В ходе встречи стороны уделили особое внимание вопросам развития экологической инфраструктуры. В частности, были рассмотрены возможности внедрения современных распределенных установок очистки сточных вод, предназначенных для использования в отдаленных населенных пунктах, туристических объектах, индустриальных зонах и придорожных сервисных комплексах.
💻 Китайская сторона представила возможности комплексной технологии очистки сточных вод «Цинфоман», оснащенной интеллектуальными системами управления. Среди преимуществ данной технологии – энергосбережение, дистанционный мониторинг и производство технической воды для повторного использования.
🔋 Также широко обсуждались вопросы международного сотрудничества в области зеленой экономики и низкоуглеродного развития. В последние годы Hubei Communications Investment Group направляет значительные инвестиции в развитие водородной энергетики, сетей зарядных станций для электромобилей и экологически чистой транспортной инфраструктуры.
💡 Руководство компании отметило особую заинтересованность в расширении партнерства со странами Центральной Азии в рамках инициативы «Один пояс – один путь». В этой связи Туркестанская область рассматривается как перспективная площадка для реализации совместных проектов в сферах водородной энергетики, возобновляемых источников энергии и транспортно-логистической инфраструктуры.
💬 В ходе встречи Канат Кайыпбек подробно представил инвестиционный потенциал Туркестанской области и проинформировал о реализуемых в регионе индустриальных и инфраструктурных проектах. Заместитель акима области пригласил китайских инвесторов к реализации совместных проектов в Туркестанском регионе и подчеркнул готовность акимата оказывать всестороннюю поддержку.
🤝 В свою очередь представители Hubei Communications Investment Group высоко оценили динамичное развитие экономических связей между Казахстаном и Китаем и выразили готовность углублять сотрудничество в сферах инфраструктуры, строительства, новой энергетики и экологических технологий.
🏢 Следует отметить, что входящая в состав холдинга строительная компания является государственным предприятием полного цикла в области инвестирования и строительства транспортной инфраструктуры. Ее уставный капитал составляет 6,5 млрд юаней, а активы – 35,3 млрд юаней. Компания имеет международный кредитный рейтинг AAA и обладает лицензиями высшей категории на строительство автомобильных дорог, мостов и объектов гражданского строительства.
🤝 По итогам встречи стороны договорились продолжить работу по расширению инвестиционного сотрудничества, совместной реализации проектов в сфере зеленой индустрии и развитию долгосрочного партнерства между двумя регионами.
🎯 Данная встреча стала одним из важных шагов, направленных на укрепление стратегического партнерства между Казахстаном и Китаем, а также на привлечение в Туркестанскую область передовых технологий и крупных инвестиций.
🔗 Пресс-служба акима Туркестанской области