Ербол Тұяқбаев Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

Ербол Тұяқбаев Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

Ербол Тұяқбаев Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев Түркістан облысына жұмыс сапары аясында өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдады, сондай-ақ бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандардың жұмысымен танысты.

👥 Облыс тұрғындарымен кездесуді ашқан Ербол Тұяқбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру, халықты жұмыспен қамтуды арттыру, азаматтардың табысын өсіру, әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру және еңбек нарығын дамыту бағытындағы жұмыстар туралы жан-жақты баяндады.

💬 Бірінші вице-министр Түркістан облысы еліміздегі еңбек және демографиялық әлеуеті жоғары, қарқынды дамып келе жатқан ірі өңірлердің бірі екенін атап өтті.

«Бүгінгі біздің міндетіміз – тек жұмыс орындарын құру ғана емес, халық табысының тұрақты өсуін және азаматтардың өмір сүру сапасының жақсаруын қамтамасыз ету. Мемлекеттік саясат адамдардың жұмыспен қамтылу, кәсіби тұрғыдан дамып, отбасының әл-ауқатын арттыру үшін нақты мүмкіндіктер беруі тиіс», – деді Ербол Тұяқбаев.

🎯 Кездесу барысында алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды. Олардың қатарында халық табысын арттыру, сапалы жұмыспен қамтуды дамыту, тұрақты жұмыс орындарын құру, жастарды қолдау, әлеуметтік қолайсыздық деңгейін төмендету, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бар.

👨🏻‍💻 Жастарды жұмыспен қамту, кәсіптік оқыту және еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдау және мемлекеттік сүйемелдеуді қажет ететін отбасылармен атаулы жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

👤 Кездесу аяқталғаннан кейін Ербол Тұяқбаев азаматтарды жеке қабылдады. Өңір тұрғындары зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік төлемдер, еңбек қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді. Әрбір мәселе бойынша тиісті түсіндірулер беріліп, нақты тапсырмалар жүктелді. Барлық көтерілген мәселелер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бақылауына алынды.

🏢 Жұмыс сапары аясында бірінші вице-министр Түркістан облысының Еңбек мобильділігі орталығының қызметімен танысты. Онда халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімділігін арттыру және еңбек нарығы инфрақұрылымын одан әрі жаңғырту мәселелері қаралды.

👥 Сонымен қатар Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшылығымен және кәсіподақ өкілдерімен кеңес өтті. Кеңес барысында еңбек қауіпсіздігі жүйесін жетілдіру, өндірістік тәуекелдердің алдын алу және өңір кәсіпорындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

⚙️ Бағдарламаның келесі бөлігі әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын аралауға арналды. Ербол Тұяқбаев мүгедектігі бар азаматтар үшін жұмыс орындары құрылған «Ақниет Holding» қоғамдық бірлестігінің жиһаз зауытында, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар жастарды оқыту және әлеуметтік бейімдеумен айналысатын Кентау қаласындағы мамандандырылған кәсіптік колледжде болды.

💡 Жұмыс сапары «Кентау трансформатор зауыты» АҚ қызметімен танысумен аяқталды. Кәсіпорын жұмысын зерделеу барысында өндірісті дамыту, кадрлар даярлау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мәселелері қаралды.

📋 Сапар қорытындысын шығара отырып, Ербол Тұяқбаев өңірдің одан әрі дамуы сапалы жұмыс орындарын құруға, еңбек өнімділігін арттыруға, жастарды қолдауға және азаматтардың әлеуметтік қорғалуын нығайтуға негізделуі тиіс екенін атап өтті.

*

Ербол Туякбаев провел встречу с населением Туркестанской области

Первый вице-министр труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Ербол Туякбаев в рамках рабочей поездки в Туркестанскую область провел встречу с населением, личный прием граждан, а также посетил ряд социальных и производственных объектов региона.

Открывая встречу с жителями области, Ербол Туякбаев подробно рассказал о проводимой государственной политике в сфере труда и социальной защиты населения, реализации поручений Главы государства, мерах по повышению занятости населения, росту доходов граждан, совершенствованию системы социальной поддержки и развитию рынка труда.

Первый вице-министр отметил, что Туркестанская область является одним из крупнейших и наиболее динамично развивающихся регионов страны, обладающим значительным трудовым и демографическим потенциалом.

«Сегодня наша задача – не просто создавать рабочие места, а обеспечивать устойчивый рост доходов населения и повышение качества жизни граждан. Государственная политика должна давать людям реальные возможности для трудоустройства, профессионального развития и благополучия их семей», – подчеркнул Ербол Туякбаев.

В ходе встречи были обозначены ключевые задачи на предстоящий период. В их числе – повышение доходов населения, развитие качественной занятости, создание постоянных рабочих мест, поддержка молодежи, снижение уровня социального неблагополучия, а также дальнейшее совершенствование системы социальной защиты лиц с инвалидностью.

Особое внимание было уделено вопросам занятости молодежи, профессионального обучения и подготовки кадров, востребованных на рынке труда. Отдельно рассмотрены вопросы поддержки социально уязвимых категорий населения и повышения эффективности адресной работы с семьями, нуждающимися в сопровождении государства.

После завершения встречи Ербол Туякбаев провел личный прием граждан. Жители региона обратились с вопросами пенсионного обеспечения, социальных выплат, трудовых отношений, занятости и социальной поддержки. По каждому обращению даны соответствующие разъяснения и поручения, все поднятые вопросы взяты на контроль Министерства труда и социальной защиты населения.
В рамках рабочей поездки первый вице-министр также ознакомился с деятельностью Центра трудовой мобильности Туркестанской области, где были рассмотрены вопросы повышения эффективности мер содействия занятости населения и дальнейшей модернизации инфраструктуры рынка труда.

Кроме того, состоялось совещание с руководством Департамента Комитета государственной инспекции труда по Туркестанской области и представителями профсоюзов, в ходе которого обсуждены вопросы совершенствования системы охраны труда, профилактики производственных рисков и обеспечения безопасных условий труда на предприятиях региона.

Отдельным блоком программы стало посещение объектов социальной инфраструктуры. Ербол Туякбаев посетил мебельный завод общественного объединения «Ақниет Holding», где созданы рабочие места для граждан с инвалидностью, а также Специализированный профессиональный колледж города Кентау, осуществляющий обучение и социальную адаптацию молодежи с особыми потребностями.
Завершилась рабочая поездка посещением АО «Кентауский трансформаторный завод». В ходе ознакомления с деятельностью предприятия были рассмотрены вопросы развития производства, подготовки кадров, обеспечения безопасных условий труда и повышения социальной ответственности работодателей.

Подводя итоги поездки, Ербол Туякбаев отметил, что дальнейшее развитие региона должно опираться на создание качественных рабочих мест, повышение производительности труда, поддержку молодежи и укрепление социальной защищенности граждан.